Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

ашық дереккөзі

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Айдарбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген хабарламада. Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.