Жаңалықтар

Өрттен кейін «Қазақстан» шахтасында жұмыс уақытша тоқтатылды

ашық дереккөзі

Өрттен кейін «Қазақстан» шахтасында жұмыс уақытша тоқтатылды

Көмір өндіру және туннель салуға маманданған «Қазақстан» шахтасында 17 тамызда болған апаттан кейін жұмыс белгісіз уақытқа тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz. «Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды тоқтата тұруға байланысты босап қалған 600-ге жуық жұмысшы Көмір департаментінің басқа шахталарына жұмысқа орналастырылды. «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының басшылығымен жұмысын ауыстырған қызметкерлерге ақы орындаған жұмыс көлеміне қарай төлеуге, онда да орташа жалақыдан төмен болмауға уағдаласты», - делінген хабарламада.