Жаңалықтар

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам келді

ашық дереккөзі

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам келді

Жыл сайын өтетін Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі елорданың Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті.

Жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 11 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға шейін дебютанттардың биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Бұл жылы Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда, дебютанттар кастингі елордадағы Қазақ музыкалық-драма театрында салтанатты түрде өтті. XIV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Дебютанттар – Қысқы қайырымдылық балының беткеұстар жауһары. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 мыңнан астам адам қатысты, ал балдың өзіне 148 жұп дебютант қатысты. Бал жүректерді бір-біріне жалғайды десе болады, 6 жұп дебютант өз алдына жанұя болды.