Жолдау – болашаққа айқын бағдар
Жолдау – болашаққа айқын бағдар
Еліміздің дамуына бағыт-бағдар беретін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы жарияланды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда төменгі жалақыны өсіру туралы айтып өтті. Бұл тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетіні анық. Агроғылымды дамыту мәселесі. Су тапшылығын болдырмау және алдын-алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, шаралар атқарылары сөзсіз. «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық мектеп салынады. Аталған мектеп ауданымызда салыну жоспарлануда. Сонымен қатар ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Аталған нысанның екеуі біздің ауданымыздағы Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округтерінде бой көтеріп жатыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, ауданымыз бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған тұлғалардан 33 000 гектар жер учаскелерін қайтару жоспары бекітілді.
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылып, еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық. Олай болса, еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау - әр азаматтың борышы.
Қайрат ДОСЫМОВ, Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.