Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

22 ақпан, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады Алдағы күндері Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты аздаған қар жаууы мүмкін. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с болады. Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің екпіні жаяу бұрқасынмен 18 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман,түнде желдің екпіні жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, күтіледі, жел 15-20м/с күшейеді.