Жаңалықтар

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. "Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 22 тамызындағы №156 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Мекеме басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды"  деп жазды жергілікті әкімдіктен.