Президент Жолдауының идеологиялық астары көп - Ерболат Сатыбалдин
Президент Жолдауының идеологиялық астары көп - Ерболат Сатыбалдин
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда барлық саланың маңызды, әрі мәселесі ушығып тұрған жерлерін анықтап берді. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Дәстүр бойынша Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын жариялады. Мәжілістің атқарған жұмыстары аталып өтті. Президент жаңа экономикалық үлгіге өту керектігін айтты.
Өнеркәсіпте адам өмірі мен денсаулығына жіті қаралуы қажет. Зиянды өндіріс жұмыскерлеріне денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленетін болады. Бұл заң жобасын көптен күттік. Тиісті министірлікке де ұсыныстар берген де едік. Бірақ біздің Үкімет өтініштерді сырғытпа жауаптармен жылы жауып, жоғарыдан нұсқау күтіп отыратыны өкінішті
Президент Жолдауда барлық саланың маңызды, мәселесі ушығып тұрған жерлерін анықтап берді.
Елдегі басты проблемалар олар: су, жол-транспорт саласы, азық түлікпен қаматамасыз ету. Енді бұл салалар бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі және Көлік министірлігі құрылатын болды. Ауыл шаруашылығы министірлігіне егін мен мал өндірісін ғылыми жолмен дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, инновациялық тәсілдерді енгізу міндеттері жүктелді.
Тұрғындарға аудандар мен ауылдарда да баспана алуға жағдай жасалуы қажет. «Отбасы банктің» несие беруді облыс орталықтарында ғана емес моно-қалалар мен аудан, ауылдарда жүргізу қажеттігі айтылды», - деді ол.
Депутат энергетика саласындағы олқылықтар да аз айтылмағынын айтты.
«Көпшіліктің талқысындағы атом электр станциясына қатысты мәселесінің шешімі халыққа жүктелді. Ел референдуммен шешеді бұл сұрақты.
Президент Жолдауының экономикалық-саяси сипаты болғанымен идеологиялық астары көп. Бұл стратегиялық – тактикалық құжатты жүзеге асыратын Үкіметте батырлық болуы тиіс!», - деді Е. Сатыбалдин.