Жаңалықтар

Депутат биылғы Президент Жолдауының басты ерекшеліктерін айтты

ашық дереккөзі

Депутат биылғы Президент Жолдауының басты ерекшеліктерін айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауын еліміздің  іргелі экономикалық міндеттеріне арналғанын айтты.

Оның айтуынша, өндіріс орындарын дамыту, өнеркәсіптің жаңа перспективалы бағыттарын айқындау, ғылым мен технологиялык саясатты жүзеге асырудың негізгі бағдарын белгілеуде биылғы Жолдау сөзсіз тарихи.

«Экономикалық саясаттың сапалы жүзеге асырылуы ұлттың адами капиталына тікелей байланысты екені баршамызға белгілі. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі: сапалы білім, ұлттың жаңа келбеті, еңбек нарығының жаңа сапасын арттыруға бағытталуында.

Экономикалық саясаттың жаңа моделінің тиімді тетіктері ретінде әділдік, инклюзивтілік, тиімділік айқындалды.

Аталған ұсыныстар экономиканың дамуымен қатар, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Реформалардың өзекті бөлігі болып - салық және бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіруді айтуға болады. Бұл ретте, Парламент Мәжілісінің депуттары Үкіметпен заңнамалық өзгерістерді қабылдауға еңбектенетін боламыз», - деді халық қалаулысы.

Сүлейменова жаңадан құрылптын министрліктерге қатысты пікірін айтты.

«Мемлекет басшысы су проблемаларын шешуге ерекше ден қойды.  Ол үшін жеке министрлік құрылады.

Президентіміз көлік жолдарын дамыту арқылы экономиканың логистика саласын нақты дамытуға арналған жүйелі тапсырмалар берді. Қайта құрылатын Көлік министрлігі осы бағытта сапалы әрі тиімді шешімдерді сапалы жүзеге асыруы қажет.

Жолдауда мемлекеттің экономикаға ықпалын барынша азайту туралы қажетті шаралар қабылдау керектігі айтылды. Негізгі мақсат - кәсіпкерліктің дамуын жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасау.

Баланың сапалы білімге құқығы туралы қадап айтылған сөздер ұстаздар қауымына білікті жұмыс жасау міндетін жүктейді. Адал азаматты қалытастырып, дамытудағы сапалы білім еңбек нарығының сұранысына негізделуі қажет.  Сапалы білімге ұмтылыс туралы айтқанда, Мемлекет басшысы «Келешек» жаңа бағдарламасы туралы бастама көтерді. Бұл "Ұлттық қор - балаларға" Заңының аясында бүлдіршіндердің білім алуына алғашқы қадам.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуі - қоғамда белең алған резонансты жағдайға тоқтау салар жүйелі шешімдерге бастау болары сөзсіз.

Президентіміз Жолдауда аудандық әкімдіктер бюджетті өздері жасақтап, жауапкершілік алуы туралы айта келе,  әкімшілік реформаның жалғасатынын айқын аңғартты», - дейді ол.

Депутат Мемлекет басшысының жолдаудағы тапсырмалары ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Сондықтан, айтылған тапсырмалар үш жылдың ішінде жүзеге асуға тиіс. Оған баршамыз еңбек етуіміз қажет.

Еліміздің экономикалық саясатының жаңа моделі сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына басты негіз болары сөзсіз. Сондықтан Жолдаудағы Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметпен, қоғамдағы сарапшылармен бірлесіп атсалысатын боламыз», - деді Ж. Сүлейменова.