Билік өкілеттіліктерін қайта бөлу туралы заңдар Парламентке наурыз айында енгізілуі керек

Билік өкілеттіліктерін қайта бөлу туралы заңдар Парламентке наурыз айында енгізілуі керек

Билік өкілеттіліктерін қайта бөлу туралы заңдар Парламентке наурыз айында енгізілуі керек
ашық дереккөзі
Билік өкілеттіліктерін қайта бөлу туралы заңдар Парламентке наурыз айында енгізілуі керек, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Еліміздің Әділет министрлігі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілер мен конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы екі заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды. Әділет министрлігі әзірлеген екі құжатты талқылау барысында, бірінші заң тұжырымдасына 4 кодекс пен 21 заңға өзгерістер енгізу көзделіп отырғандығы айтылды. Ал екінші тұжырымдама бойынша 3 конституциялық заңды өзгерту керектігін атап өтті. Сондай-ақ, бүгінде бұл заң жобаларының тұжырымдамасы ғана даярланып отыр. Сондықтан қосымша өзгерістер мен толықтырулар болуы әбден мүмкін. «10 ақпанда бірінші тұжырымдама Әділет министрлігінің ресми сайтында, сондай-ақ ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған болатын. Ал 14 ақпанда ведомствоаралық комиссияның барлық мүшелеріне жіберілді. Енді 15 наурызға дейін аталған екі заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілуі керек», –  ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина.