Жаңалықтар

Марат Омаров жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Марат Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Марат Омаров Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Марат Қосылұлы Омаров 1963 жылы 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының Пресновка ауылында туған. 1985 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша Қазақ политехника институтын бітірді. Еңбек жолын 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Куйбышев атындағы зауыттың шебері болып бастады. 1988–1996 жылдары Куйбышев атындағы зауыттың цех басшысының орынбасары, цех басшысы болып қызмет етті. 1996–1997 жылдары СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету облыстық департаментінің жетекші, бас маман, бөлім бастығы қызметін атқарды. 1997–1998 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жолаушылар тасымалдау басқармасының бөлім бастығы. 1998–1999 жылдар аралығында СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету департаменті бастығының міндетін атқарушы. 1999–2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ филиалының бөлім бастығы, директор орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi басқармасының бастық орынбасары, бастығы. 2006–2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры. 2010 жылы «Мұнай-газ қондырғыларының конструкторлық бюросы» ЖШС директоры болып тағайындалды. 2013 жылы 28 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі лауазымына кірісті. 2020 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.