Жаңалықтар

Балалар омбудсмені Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді ұсынды

ашық дереккөзі

Балалар омбудсмені Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді ұсынды

Президент өз Жолдауында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудағы маңызды міндеттерді айқындап, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Осыған орай, еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz . «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін».«Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Балалар омбудсмені бүгінде заңнамада күш көрсету мен қатыгездік танытуға байланысты әрекеттердің барлық нысанын қамтитын жеке баптар жоқ болғандықтан, құқық қорғаушылар жауапкершілікке тарту үшін барынша сәйкес келетін баптарды қолдануға мәжбүр екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда заңнамада күш көрсету мен қатыгездік танытуға байланысты әрекеттердің БАРЛЫҚ нысанын қамтитын, олар үшін жауапкершілікті көздейтін жеке баптар жоқ. Құқық қорғаушылар жауапкершілікке тарту үшін барынша сәйкес келетін баптарды қолдануға мәжбүр. Осыған байланысты, біз қарау және талқылау үшін әзірленіп жатқан шаралардың қатарына қылмыстық кодекске жазаны қатаңдата отырып, кәмелетке толмағандарға қатысты күш көрсету мен қатыгездік танытуға байланысты іс-әрекеттердің барлық нысандарын қамтитын "Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық" бабын қосуды маңызды деп санаймыз» деп жазды Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында.