«AMANAT» кеңесінде кәсіпкерлерді толғандырған түйінді мәселелер талқыланды
«AMANAT» кеңесінде кәсіпкерлерді толғандырған түйінді мәселелер талқыланды
«AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестердің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында кәсіпкерлік саласына қатысты өңірлерде қордаланып қалған түйінді мәселелер талқыланды.
Астанада өткен басқосуға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, Ауыл шаруашылық вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Парламент мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілі мен бизнес қауымдастықтардың басшылары қатысты. Ал өңір азаматтары отырысқа бейнеконференц байланыс арқылы қосылды.
Алғашқылардың бірі болып, Алматы облысы мәслихат депутаты сұрақ қойды.
«Кәсіпкерлік саласы шағын субьектілерден тұрады. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау қолжетімді. Бірақ олар шектеулі, қатаң талаптар бар және жас кәсіпкерлерге қолжетімсіз. Мемлекеттік қолдауда жас кәсіпкерлердің үлесі өте төмен. Алматы облысының алыс аймақтарының кәсіпкерлері үшін кепілдік мөлшері тым аз», - деді ол.
Осы ретте аталған мәселеге қатысты Еңбек министрлігінің өкілі жауап берді.