4 министр қызметінен босатылды
4 министр қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.