Ғалымжан Елеуовтің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды
Ғалымжан Елеуовтің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды
Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.