AMANAT: Ақтөбе облысында 86 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылды
AMANAT: Ақтөбе облысында 86 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылды
«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясында кейінгі екі жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Өңірде партиялық жобалар және Сайлауалды бағдарлама аясында толымды істер атқарылған.
Жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев және өңірдегі бастауыш партия ұйымдары мен аумақтық филиалдардан сайланған 160 делегат қатысты. Делегаттардың дауыс беруімен партия филиалдарындағы Саяси кеңестердің 214 мүшесі сайланып, құрамы 55 пайызға жаңарды. Оның ішінде әйелдер – 34,6 пайызды, ал жастар – 26,6 пайызды құрап отыр.
- Осы кезге дейін облыстағы 5 мыңға жуық адам оқуларын аяқтады. Олардың 43 пайызында 1 несиеден, 32 пайызында 2 несиеден болды. «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы ауыл тұрғындарының несиесін өтеп, тұрмысын түзеуге септігін тигізуде. Жыл бойы 8 мың адамның қаржылық сауаттылығын арттыру көзделіп отыр, - деді ол.
Партиялықтар «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын «Баланы мектепке дайындайық!» акциясын ұйымдастырып келеді. 2021-2022 жылдары 2144 балаға 66,7 млн теңге қаржыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы да қарқынды жүзеге асуда. Жобаға 42,4 мың тұрғыны бар 61 елді мекен қатысады. Қазіргі таңда 1540 адамға жалпы құны 6,7 млрд теңге несие мақұлданды. Оның 4,4 млрд теңгесі 1118 жобаға берілді. «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында былтыр облыстағы пайдаланылмай жатқан 535,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл кемінде 330 мың гектар жерді қайтару жоспарланды.