Жаңалықтар

Астанада Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

ашық дереккөзі

Астанада Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Елордада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің - 17, балық және балық өнімдерінің - 48, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауары ұсынылады. Жәрмеңке Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекен-жайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағында өтеді. Айта кетейік, өткен жылы жәрмеңкеге Атырау облысынан 110 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 44 тонна балық қойылған болатын.