Жаңалықтар

Суға батып бара жатқан екі адамды құтқарған тұрғын марапатталды

ашық дереккөзі

Суға батып бара жатқан екі адамды құтқарған тұрғын марапатталды

Суға батып бара жатқан екі адамды құтқарып қалған Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны «Суда батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz. «Атырау облысы ТЖД Конституция күні қарсаңында өткізген салтанатты іс-шарасы барысында бірқатар қызметкер мен батырлар марапатталды. Солардың бірі Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны Қартбаев Манарбек Жайманұлы ҚР ТЖМ «Суда батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды», - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар министрлігінен. Ол салынған тыйымға қарамастан суға түсіп, терең шұңқырға батып бара жатқан баланы және өз күшін дұрыс есептемей, оны құтқаруға артынан кеткен ағасын құтқарып алған.