Орал тұрғынының 115 мың теңгесін алып кеткендер ұсталды
Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері көшеде адамды ашық түрде тонаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz..
«27 тамыз күні сағат 19:15-те белгісіз екі тұлға Орал қаласындағы Кердері көшесінің бойында 1981 ж.т. Орал қаласының тұрғынына тиісті 115 мың теңге сомасындағы ақшасын ашық түрде жымқырып кеткен», - деп хабарлады полициядан.
Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бұрын сотты болған 1994 және 1993 ж.т. Орал қаласының тұрғындарын анықтап, қолға түсірді.
Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.