Жаңалықтар

Ажар Ғиният Қарағандыда зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

ашық дереккөзі

Ажар Ғиният Қарағандыда зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Бүгін Қарағандыға жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барды, деп хабарлады turkystan.kz. Министр зардап шеккен балаларға - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету барысымен танысты. ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен 14 баланың 5-еуі бүгінде ем алуда. Оң динамикасы бар балалар, естері анық, ерте оңалту жүргізілуде. Ажар Ғиният бөлімшелерге барған кезде жас пациенттердің денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті. Балаларды емдеу тәсілі республикалық мамандармен үнемі бақыланады. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың жағдайына және оларға медициналық көмек көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізеді.