Жаңалықтар

Шымкентте танысын ұрып өлтірген ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Шымкентте танысын ұрып өлтірген ер адам ұсталды

Шымкентте танысын ұрып өлтіріп, қашып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. 25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның «102» арнасына Тельман шағынауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. «Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды», - делінген хабарламада. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркеді. «Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.