Жаңалықтар

Қызылорда облысында ауаға оқ атқан азамат ұсталды

ашық дереккөзі

Қызылорда облысында ауаға оқ атқан азамат ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері қарудан ауаға оқ атқан азаматты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.