Астанада Конституция күніне орай параспортшылар арасында фестиваль өтті
Астанада Конституция күніне орай параспортшылар арасында фестиваль өтті
Елордадағы Ботаникалық бақта кәсіби және жаңадан бастаған параспортшылардың қатысуымен инклюзивті фестиваль аяқталды. Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлады turkystan.kz Elorda.info басылымына сілтеме жасап.
Іс-шараны «Қазақстан халқына» қоры, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеті және Астана әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты қолдау қоры ұйымдастырды.
Жарысқа параатлеттер мен парахоккейшілер, бейімделгіш спортпен шұғылданатын балалар, сондай-ақ инновациялық протездер мен экзоскелеттер алған қазақстандықтар қатысты.
«Осы іс-шара арқылы біз салауатты өмір салтын, инклюзия қағидаттарын насихаттағымыз келеді, қоғамда дені сау адамдар да, мүгедектер де спортқа бірдей қол жеткізе алатынын, өзін таныта алатынын көрсеткіміз келеді. Сондай-ақ біз «Қазақстан халқына» Қоры жүзеге асыратын спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды танытқымыз келеді. Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты, олардың арасында кәсіби параспортшылар мен жаңадан бастағандар, сондай-ақ бізден инновациялық спорттық протездер мен экзоскелеттер алғандар бар. Олардың барлығы шеберлік сабағын көрсетті. Біз сарапшылар мен медицина мамандарын шақырдық. Сондай-ақ іс-шараға біздің кішкентай батырларымыз бен олардың ата-аналары қатысты», – деді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсембек.
Алаңда протездермен жүгіру, бочче, процессор футболы, отыру волейболы, бейімделгіш спорт бойынша ашық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, сондай-ақ фестиваль қатысушылары арасында арнайы жарыс өтті.
Фестивальге қатысқан парахоккейші Қорған Қанқұлов бұл спорт түрімен екі жылдан астам уақыт айналысқанын айтты.
«Спорттың орны зор. Өткен жылы біздің құрама Таиландтағы Б-пулға шықты.
Биыл қазан айында Астанада А-пулға іріктеу туры өтеді, онда біздің команда қатысады. Жарысқа алты елдің спортшылары қатысады», – деді параспортшы.
Соңында фестивальдің барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.