Астанада 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - AMANAT
Астанада 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - AMANAT
Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының XXXVII есеп беру-сайлау конференциясында филиалдың Саяси кеңесінің 49 мүшесі сайланды. Саяси кеңестердің құрамы 53%-ға жаңарып, оның 20%-ы - жастар, ал 29%-ы әйелдер болды.
«Биыл 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. №5 және №8 қалалық емханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 199 отбасы көгілдір отынға көшу үшін әлеуметтік көмек алды. Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. 5 жыл ішінде 100 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу, 150 лифтті ауыстыру, 75 апатты және тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру, жыл сайын жастарға 500 пәтер беру көзделген», – деді ол.
Жалпы, 2021-2022 жылдары партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Астана қаласында 19 мектеп, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны бой көтерді. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 150-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделіп, 13 мыңға жуық үлескерге құрылысы ұзаққа созылған 120 тұрғын үйден пәтер берілді. 1 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 680 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды. Сонымен қатар, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем стансаларының автопаркі 200-ден астам көлікпен толықтырылды.