Жаңалықтар

Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

ашық дереккөзі

Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

Шымкентте дәрігерлер жасөспірімнің бауырынан 9 см эхинакокк құртын алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz. 14 жастағы қыз осы жылдың 21 тамыз күні ауыр халде Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түскен. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Науқасқа жедел түрде ота жасалған. «Түскен кезде науқас бас ауруы, дене қызуы, тәбеттің болмауына шағымданған. Диагноз анықталған соң, ол хирургия бөліміне ауыстырылды. Ота алдын дайындық жасалып, кистаны алып шықтық. Отадан кейін науқас реанимациядағы дәрігерлердің бақылауында бір күн болып, палатаға ауыстырылды», - деді дәрігерлер.