Жаңалықтар

Шымкентте жеңіл көлік жол бойында толығымен өртеніп кетті

ашық дереккөзі

Шымкентте жеңіл көлік жол бойында толығымен өртеніп кетті

Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ТЖД хабарлауынша, оқиға 28 тамызда болған. «Арғынбеков көшесі бойында Mersedes-Benz маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанған. Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.