Жаңалықтар

«1 жыл болады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты жазба жариялады

ашық дереккөзі

«1 жыл болады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың туған жерінде жылдық асын бергені жайлы айтып, видео жариялады. «Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе Қатым-Құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар, ауылдастармен Құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе», - деді ол. Айта кетсек, 2022 жылдың қараша айында  белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев 57 жасында өмірден өтті.