Жаңалықтар

Астанада Keruen Fest ұлттық фестивалі өтеді

ашық дереккөзі

Астанада Keruen Fest ұлттық фестивалі өтеді

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық құндылығы мен мәдениетін дәріптеу мақсатында Keruen Fest жобасы жоспарланып отыр, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Keruen Fest жобасы аясында  тұрғындарға қазақ қолөнері, ұлттық бұйымдар жасау, қыш ісі, ұлттық киімдер тігу және ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық киіз үйді құру бойынша тегін шеберлік сағаттары өтеді. Сондай-ақ, ұлттық киімдегі аниматорлар жұмыс істейді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату және қой көтеру жарысы бойынша бақ сынай алады. Жоба аясында мерекелік концертке, марапаттау және құттықтауға мемлекеттік орган өкілдері және мәслихат депутаттары қатысады деп күтілуде. Іс-шара 30 тамыз күні сағат 16:00-де Көктал елді мекенінде басталады.