Тауға қашап жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Маңғыстаудағы Ыбықты сайына жазу жазған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл іс-әрекетімен мәдениет қызметкерлері атына, жалпылай мәдениет саласына сөз келтіргені үшін, әлеуметтік желіде көптің наразылығын тудырған қателігін мойындай отырып, іс-әрекетінің жауапкершілігін өз мойныма аламын деген азаматтық позициясын ұстанып, 2023 жылғы 28 тамыздан бастап өз еркімен қызметінен босады», - делінген Ақтөбе қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, шенеунік фейсбук парақшасында іс-әрекеті үшін түсініктеме беріп, кешірім сұраған болатын.