Жаңалықтар

Жәндік пен тарақан қаптаған жатақханаларға студенттер наразылық танытуда

ашық дереккөзі

Жәндік пен тарақан қаптаған жатақханаларға студенттер наразылық танытуда

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты 14 тамыздан бастап еліміз бойынша жаппай студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізуді бастап кетті.

Мониторинг барысында жедел желіге келіп түскен студенттердің арыз-шағымдарына сүйенсек, жағдай адам шошырлық дейді.

Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.