Жаңалықтар

Елімізде 55 мың оқушы оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

ашық дереккөзі

Елімізде 55 мың оқушы оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1 қыркүйекте ашылады, деп хабарлады turkystan.kz. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.