Жаңалықтар

Шымкенттегі прокуратура ғимаратында ер адам өзін өртемек болған

ашық дереккөзі

Шымкенттегі прокуратура ғимаратында ер адам өзін өртемек болған

Шымкент қалалық прокуратурасының ғимаратында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Оқиға 28 тамыз сағат 11:47-де болған.

«Шымкент қаласы прокуратурасының фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен», - дейді қалалық прокуратура.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат "бензин" жанар-жағармайын үстіне құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.

«Прокуратура қызметкерлері тез арада әрекет етіп, ер адамның өзін өртеуге жол бермеді. Сонымен қатар қала прокуратурасына келген тұрғындардың арасында бір әйел азаматша өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен медициналық көмек көрсетілді», - дейді ведомство.

Бұл оқиғаға қатысты Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде тергеу жүріп жатыр. Прокуратураның айтуынша, тексеруден кейін азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.