Жаңалықтар

«AMANAT»-тың облыстық филиалдарында басқарушы органдарды жаңарту жалғасуда

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың облыстық филиалдарында басқарушы органдарды жаңарту жалғасуда

Өңірлерінде «AMANAT» партиясы филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасып жатыр. Бүгін партияның Маңғыстау облыстық филиалының XXXIХ конференциясы өтті. Партиялықтар кейінгі екі жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сондай-ақ, Саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды. «Былтыр «Жер аманаты» комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 365 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды. Биыл тағы 156 мың гектар қайтарылды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Мәселен, 2,5% жеңілдікпен несие алуға 238 өтінім келіп түсті. Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауатын арттыру бағытында «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынып жатыр. Бүгінде аталған жоба аясында 1350 маңғыстаулық азамат оқуын аяқтады. Жыл соңына дейін тағы 3 мыңға жуық адамды оқыту жоспарлануда», – деді ол. «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға баса мән беру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Атқарушы хатшы өңірдің белсенді, креативті жастарымен кездесті. Партия тарапынан жастарды қолдауға, білім және ғылымға арналған гранттар бөлуге, жұмыс орындарын құруға және жастар практикасын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.