Жаңалықтар

Алматыда автокөлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті

ашық дереккөзі

Алматыда автокөлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті

Алматыда жеңіл автокөлік автобус аялдамасына соғылды, салдарынан 7 адам зардап шекті. Бұл туралы қаланың Полиция департаменті хабарлады. Оқиға дүйсенбі 12:20-да болған. 36 жастағы жүргізуші Mercedes көлігімен оңтүстік бағытта Абылай хан көшесімен келе жатқан. Райымбек даңғылына бұрылып жатқанда ол рөлге ие бола алмай, аялдама кешеніне соғылған. «Жол апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді», - делінген хабарламада. Бұл факті Алмалы ауданы полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске алынды.