Жаңалықтар

«Көп әйел алуды заңдастыру керек» - Омар Жәлел

ашық дереккөзі

«Көп әйел алуды заңдастыру керек» - Омар Жәлел

Абайтанушы ғалым Омар Жәлел «Adal Аdam» Youtube арнасына сұхбат беріп, көп әйел алу туралы ойын айтты. «Бірнеше әйел алу – қазақтың дәстүрі. Конституцияда да тыйым салынбаған. Біз зайырлы мемлекетпіз. Қайта көп әйел алуды заңдастырған дұрыс. Заңдастырылса, екінші, үшінші әйелге ресми статус беріледі. Қоғам мойындауы керек. Оның несі жаман?! Бұл – қазақтың салты», - дейді ол. Сондай-ақ, ол өзінің үш әйелін барын айтты. Сырымды біреуіне де айтпаймын, тек Аллаға ғана айтамын. Менің сырымды айтқан күні адам ретінде, тұлға ретінде өлімін. Мен үш әйел алсам, өзімнің еркіндігімнің, қиялымның іске асуы деп білемін және оған ешқашан өкінбеймін. Өзім әзірге осы үш әйелді бақытты қылып алсам, маған сол жеткілікті деп ойлаймын, - дейді Омар Жәлел.