Жаңалықтар

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды

ашық дереккөзі

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды

Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған. Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар. Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді. Соңғы жеті жыл бойы «Самұрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік Қаржы департаментінің директоры болды. Айта кетейік, өткен жұмада оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.