Мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн жалақы аударылған

28 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн жалақы аударылған Атырауда 12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға елеулі тосқауыл жасайтын жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
«Биыл білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау нәтижесімен 10-ға жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектептен мемлекет игілігі үшін іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 «өлі жанға» жалақы аударылып, шамамен 90 млн теңге шығын келтірілгені анықталды. Мемлекеттен қолдау ретінде бөлетін бюджет қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс. Өйткені, сапалы білім – табысты болашақтың кепілі», - дейді Жәнібек Қаражанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Атырау облысында 81 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істегенін жазған болатынбыз.