Аманаттықтар Атырау облысында 1500 баланы мектепке дайындады
Аманаттықтар Атырау облысында 1500 баланы мектепке дайындады
«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы аясында Атырауда партия фракциясы мүшелерінің және бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен 1500 бала жаңа оқу жылына қажет құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
«Жаңа оқу жылы басталар алдында мектеп жасындағы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап жатырмыз. Фракция мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен 30 млн теңгеден астам қаражатқа 1500 баланы мектепке дайындадық», – деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.
Айта кетейік, биыл аталған іс-шараға «Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі де атсалысып жатыр.