Жаңалықтар

Ресей тергеушілері Пригожиннің өлімін растады

ашық дереккөзі

Ресей тергеушілері Пригожиннің өлімін растады

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Евгений Пригожиннің қайтыс болғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. «Тверь облысында болған ұшақ апатын тергеу аясында молекулалық-генетикалық сараптамалар аяқталды. Олардың нәтижелері бойынша барлық қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды, олар ұшу парағында көрсетілген тізімге сәйкес келеді», - делінген министрлік хабарламасында. 23 тамызда Тверь облысында “Вагнер” жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі жеке ұшақ апатқа ұшырады.