Жаңалықтар

Қостанайда көпіршік кешінде 9 жасар қызды тоқ соқты

ашық дереккөзі

Қостанайда көпіршік кешінде 9 жасар қызды тоқ соқты

Қостанай облысының Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған көпіршік шашу кешінде кішкентай қызды тоқ соққан. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 25 тамыз күні болған. Көпіршік кешінде 9 жасар қызды тоқ соққан. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша ҚК-нің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сараптама жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.