Жаңалықтар

Азия ойындарында бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды

ашық дереккөзі

Азия ойындарында бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. Дзюдодан ерлер құрамасы сапында Мағжан Шамшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келі) шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.