Жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа жіберді

ашық дереккөзі

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Талста өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Абылайхан бұл кеште никарагуалық Уистон Кампосқа қарсы шықты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, 8 раундқа есептелген болатын. Кездесудің 5-раундында қазақстандық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Абылайхан Жүсіпов осылайша, өзінің кәсіби мансабында 4-рет жеңіске жетті, ал Уинстон Кампос кәсіби рингте 12-рет жеңілді. Әуесқой бокста Абылайхан әлем чемпионатының үш мәрте (2017, 2019, 2021) күміс жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ, ол - 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.