Өңірлерде «AMANAT» филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасуда. Бүгін партияның Ақмола облыстық филиалының XL конференциясы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шара барысында партиялықтар соңғы екіжылда атқарылған жұмысты қорытындылап, алда тұрған міндеттерді талқылады. Сонымен қатар, делегаттар 555 адамнан тұратын 2 қалалық және 17 аудандық филиалдардың Саяси кеңестерінің жаңа құрамын бекітті. Биыл Саяси кеңес құрамы 67% - ға жаңарды. Оның 21%-ы – жастар, 46%-ы – әйелдер.
Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, өңірлік мәслихат депутаты Айнагүл Балташева сайлауалды уәделердің орындалу барысына тоқталды. Мәселен, облыста 26,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 5 мектеп пен 2 қосымша ғимарат пайдалануға берілді және 28 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Сондай-ақ, 1,2 млн. шаршы метрден астам тұрғын-үй, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 хоккей корты, 54 жаңа спорт алаңы және 6 мәдениет нысаны салынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыстағы 150 шаруаға жалпы сомасы 620 млн. теңгеге жеңілдетілген несие берілді.
«Бұл есеп беру-сайлау науқаны – партияны трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы. Осындай конференциялар «AMANAT»-тың барлық филиалдарында өтуде. Біз өз жұмысымызды барлық деңгейде жандандырамыз. Қазіргі уақытта негізгі міндет – партияның сайлауалды бағдарламасын және азаматтардың талап-тілегін сапалы жүзегеасыру, жергілікті өкілді органдардағыдепутаттық корпустың жұмысын күшейту»,– деді «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов.
Осы күні Мәди Оспанов Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 300 орындық жатақхана құрылысымен танысты. 5 қабатты ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.