Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шықты

26 тамыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шықты Алматыдағы «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді, деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша, 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.
«Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.