Жаңалықтар

Ақтауда балалар мінген аттракцион тоқтап қалды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақтауда балалар мінген аттракцион тоқтап қалды (ВИДЕО)

Ақтауда Rixos қонақүйінің аумағында орналасқан аттракцион жоғары көтерілген күйі тоқтап қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бұл оқиғаға байланысты аттракцион иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ақтауда жарықты сөндіру мәселелері болып жатқанын өздеріңіз де көріп жатқан шығарсыздар", - дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Ал, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл аттракциондар Rixos қонақүйінің меншігіндегі аумақта орналасқандықтан түсінік беруге құқылы емес екенін жеткізді.