Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырды. Бұл туралы Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. «Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан - әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған, екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!»  деп жазды ол. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін америкалық Бадди Макгирттің қоластында жаттығып келген.