Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал Солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының орталығында өрт қаупі жоғары.