Мен де ескі Қазақстанның құрбанымын – Баян Алагөзова (ВИДЕО)
Мен де ескі Қазақстанның құрбанымын – Баян Алагөзова (ВИДЕО)
Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Жаңа Қазақстан» идеясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, бәрін бірден өзгерту мүмкін емес. Бұл - «Жаңа Қазақстан» идеясына да қатысты.
«Ескі көліктен құтылмай, жаңа көлікті жүргізу мүмкін емес. Себебі ескі көліктер бүкіл жерде бар. Біз барлығын бір мезетте жұмыстан шығарып тастап, жаңа адамдарды ала алмаймыз. «Жаңа Қазақстанға» біртіндеп келеміз. Қазір азаматтық қоғам ілгеріледі. Соттардың әділдігі үстемдікке ие болып жатыр. Қазір олар кейбір істі жаба салмайды. Бұрын пара алып, тыныш қана мәселені шеше салатын. Азаматтық қоғам араласпайтын. Қазір біз бірлесе отырып оны өзгертуге тырысып жатырмыз. 30 жыл өтті, 3 жылда оны өзгерту мүмкін емес», - дейді Баян Алагөзова.Продюсер сұхбат барысында өзі ескі Қазақстанның құрбаны екенін де айтып өтті.