Жаңалықтар

Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды

ашық дереккөзі

Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды

Бокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).