Жаңалықтар

Күн суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

Күн суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 26-28 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын орталығы Обь өзенінің теңізге құятын жерінде орналасқан циклон түзеді. Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауып, күшті жел соғуы мүмкін. 26, 28 тамызда батыс, шығыс, 26-28 тамызда солтүстік-батыс, 27-28 тамызда солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.