Жаңалықтар

Алматыда 200 келушіге отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылады

ашық дереккөзі

Алматыда 200 келушіге отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматы қаласының Кемел шағынауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде салынып жатқан жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.

Бүгін Жетісу ауданында салынып жатқан орталықта болып, оның пайдалануға дайындығын бағалады. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айгүл Құспан мен Никита Шаталов, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.